ҮЙДІҢ ЭСКИЗДІ ДИЗАЙН ЖОБАСЫ | үй 150 м2 | учаске 30х30

Бұл жобаның ерекшелігі учаскеден тыс орналастырылған су дөңгелегінің бар болуы. Арық суы тек табиғи элемент қана емес, сонымен қатар орнатылған су дөңгелегінің арқасында учаске үшін су көзі болды.

Назар аударатын тағы бір аймақ — керемет ландшафттың жүрегіне айналған үлкен бассейн. Барбекю аймақ ашық аспан астындағы кешкі асқа шақырады, ал тапчан демалуға ыңғайлы бұрышқа айналады. Екі көлікке арналған үлкен навес, сондай-ақ үйдің сыртында орналасқан қазандық бар.

150 м2 үй өзінің кеңдігін көрсетеді:
Екі ересек жатын бөлме, екі балаға арналған балалар бөлмесі үлкен отбасы мүшелерінің жеке талаптарымен орналастырылды. Қонақ бөлмесі мен студиялық ас үйдің Open space планировкасы еркіндік пен жайлылық атмосферасын жасайды. Мұнда қонақтарға бөлек, жалпы жуынатын бөлме бөлек орналастрылған, бұл қонақтарға да отбасы мүшелеріне де ыңғайсыздық тудырмайды.

Бұл жоба жай ғана үй емес, дизайн мен функционалдылық жайлылық пен сұлулықтың ерекше үлгісіне енетін заманауи өмір салтының тарихы.

_______
Үйдің дизайн жобасына тапсырыс беру үшін:

📨 Direct : @alidesign.kz
📲 Phone : +7 700 842 1010
🌐 Website : www.alidesign.kz